Батыс Қазақстан облысында топырақты, ашық су қоймаларындағы шикі су мен көкөністерді зерттеу барысында аскарида жұмыртқалары табылды.
БҚО бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының паразитологиялық зертханасына 9 айда паразиттік аурулардың қоздырғыштарын анықтау үшін 2 560 сынама жеткізілді, сол бойынша 3 355 зерттеу жүргізілді.
Зерттеу барысында 36 сынамада оң нәтижелер анықталды, оның ішінде 8 сынамада аскарид құрт жұмыртқалары табылды. Көбінесе оң сынамалар аскаридоз ауруының ошақтарынан алынған топырақ пен көкөністерде анықталды.
Аскаридоздың қоздырғышы – дөңгелек келген әртүрлі жынысты құрттар. Аскарид құрттар – ірі паразиттер санатына жатады. Аталықтардың ұзындығы 25 см, қалыңдығы 2-4 мм жетуі мүмкін.Ұрғашылары одан да үлкен - 40 см-ге дейін, қалыңдығы 3-6 мм болып келеді
Паразиттер әдетте адам жеке гигиенаны сақтамаса, жуылмаған көкөністерді, жидектерді, жемістерді және шикі суды ашық көздерден тұтынса пайда болады.