Меморандум С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының филиалы арасында өзара тиімді ғылыми - білім беру әріптестігін құруды көздейді.
Меморандум симпозиумдар мен дәрістерді бірлесе өткізуді, білім, зерттеу ресурстарымен және тәжірибе алмасуды, сондай-ақ университет студенттерінің Ұлттық сараптама орталығының зертханаларында өндірістік практикадан мен тағылымдамадан өтуін, ғылым саласында одан әрі белсенді өзара байланысты мақсат етеді.
«Біз өз біліміміз бен тәжірибемізді университет студенттерімен бөлісуге дайынбыз. Студенттердің осы серіктестік арқылы алатын практикалық дағдылары мен тәжірибесі олардың кәсіби дамуына пайдалы болады деген сенімдеміз. Бұдан басқа, мұндай ынтымақтастық студенттерді өз саласын тереңірек білуге ынталандырып, ғылым мен зерттеулерге деген қызығушылықтарына ықпал етеді», - деп атап өтті филиал директоры Алтай Аманбаев.