Ұлттық сараптама орталығында, 31 шілдеден 2 тамыз аралығында (Павлодар қаласында) "ЭМӨ және физикалық факторлар бойынша өзекті мәселелер" тақырыбында республикалық семинар өткізілді
Іс-шара кәсіпорын филиалдарының электромагниттік өрістер мен физикалық факторлар саласындағы мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған. Аталған семинарда Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан ҰСО филиалдарының мамандары оқыды. Бұл семинар қатысушыларға өз міндеттерін тиімдірек орындауға, ЭМӨ және өзге де физикалық факторлар саласындағы білімдері мен дағдыларын тереңдетуге бірегей мүмкіндік берді.