ЕЛІМІЗДІҢ ІРІ ӘУЕЖАЙЛАРЫНДА МАЙМЫЛ ШЕШЕГІ ІНДЕТІГНЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛДІ
В КРУПНЫХ АЭРОПОРТАХ СТРАНЫ ПРОШЛИ УЧЕНИЯ ПО РЕАГИРОВАНИЮ НА СЛУЧАИ ОСПЫ ОБЕЗЬЯН 21.08.2024

Астана мен Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында халық денсаулығы саласындағы төтенше жағдайларға дайындық бойынша жаттығулар өткізілді. ҰСО-ның зертханалық және дезинфекциялық қызметінің жұмысы қауіпті инфекцияларды анықтау және таралуына жол бермеуде маңызды рөл атқарады.

Оқу-жаттығулар барлық негізгі қызметтердің: санитариялық-эпидемиологиялық, шекаралық, кедендік, сондай-ақ әуежай, желілік полиция бөлімі, әуежайдың медициналық пункті, жедел медициналық көмек және медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылын пысықтауға бағытталған.

Маймыл шешегіне күдік туғызатын жұқпалы ауру белгілері бар жолаушылар анықталған кездегі әрекеттерді үйлестіруге ерекше көңіл бөлінді.

Жаттығулар барысында «шартты науқас» қатысты. Персонал жолаушыдан  ауру белгілерін анықтаудан бастап оны ауруханаға жатқызуға және қажетті эпидемияға қарсы және дезинфекциялық шараларды жүргізуге дейінгі іс-шаралардың толық циклінен өтті.

Жаттығулардың нәтижелері мүмкін қауіптерге қарсы тұруға барлық қызметтердің жоғары дайындығын растады.

Жаттығулардың қорытындысы бойынша өткен семинар-кеңесте әр қызметтің әрекеттері талқыланды және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге арналған ұсыныстар берілді.

Сурет галереясы